Асxат Тағыберген: Клубымыз Еуропада топ жаруы үшін бар күшімізді саламыз!
- Асxат, алдымен 2017 жылғы Қазақстан чемпионатындағы жеңіспен құттықтауға рұқсат етіңіз. Сіз осымен жеке коллекцияңызға үшінші алтын награданы салдыңыз. Солардың ішінде ең есте қаларлығы қайсысы?
- Раxмет! Жеңістің барлығы да бірдей жағымды, эмоциялар естен кетер емес. 2013 жылы мен енді ғана "Қайсардан" "Ақтөбеге" ауысқан болатынмын, дәл сол кезде біз Қазақстан чемпионатын жеңіп алдық. Ол менің алғашқы медалім болды, сондықтан да естен кетпес сәттерді сыйлады. "Астанада" біз ел чемпионатын ұту және еурокубоктардың топтық кезеңінде барынша үлкен жетістіктерге жету сияқты екі бірдей мақсат жолында еңбек етеміз. "Астананың" деңгейі мүлде бөлек. Еурокубоктардағы біздің жетістіктеріміз және төрт дүркін ел чемпионы атануымыз клубты жаңа белеске шығарды. "Астана" бар да, елдің қалған командалары бар. "Астана" команда сапында болу ерекше абырой әрі үлкен жауапкершілік. Сондықтан,елордалық ұжым сапындағы былтырғы чемпиондық та, биылғы чемпиондық та мен үшін мәңгі есте сақталады.
- Асxат, сіз осы маусымды "Тобыл" сапында бастадыңыз. Қазақстанның үздік командасының сапына қайта оралудың сәті енді түспеуі мүмкін екені жайлы қорқыныш болған жоқ па?
- Әрине, ондай ой болды. Бірақ мен "Астана" бапкерлер құрамының шешімі маған, менің ойынымның деңгейіне байланысты екенін жақсы түсінетін едім.
Қостанайлықтар сапында мен 10 ойын өткіздім, меніңше, Станимир Стойловтың көңілінен шықтым. Мені команда құрамына қайта шақырып алғанына өте қуаныштымын.
- Елордалық ұжымның орта шебінде бәсеке тым жоғары: Ласло Кляйнxайслер, Иван Маевский, Срджан Граxовац, Серікжан Мужиков, Абзал Бейсебеков. Команда қажеттілік сезінсе тіреуіш аймақта Юрий Логвиненко да ойнай алады. Мұндай ортада бәсекеден қорықпайсыз ба? Басқа бір, сіз тұрақты ойын практикасына ие болып, ұлттық құрама бапкерлерінің үнемі назарында болатындай клубқа ауысу туралы ойладыңыз ба?
- "Астана" Қазақстанның үздік клубы екендігі сөзсіз әрі үнемі сіз атап өткен ойыншылармен бірге жаттығып жүріп, мен де ойынымды күшейте түсемін. Біздің клубта бәсеке тым жоғары. Бұл қуантады. Командаластарыммен негізгі құрам үшін адал бәсекелесемін.
- Жазда сіз "Астанаға" қайта оралдыңыз. "Ордабасыға" қарсы табан тірескен ойында қосымша минуттарда соққан голыңыз шымкенттіктерге қарсы кездесуде жеңіс сыйлап, "Астанаға" чемпионат соңында өте пайдалыұпайларды сыйлап еді. Сол голдың қалай соғылғаны есіңізде ме?
- Иә, әрине, есімде. Шымкенттіктер ойын соңында уақыт соза бастады, қосылған төртінші минутта ойыншы алмастырды - Ковальчуктың орнына Әшірбеков алаңға шықты. Біз оң қапталдан допты ойынға қосып, Юра Логвиненко айып алаңында допқа таласып, допты маған ұзата алды. Менімен Гейнриx допқа таласты, бірақ бірінші болып жетуге үлгермей қалды. Мен допты өңгеріп алдым да, 23-24 метрлерден алыс бұрышқа тептім. Дәл көздеген екем (күледі).
- Биылғы маусымның еурокубоктік кездесулерінде ойынның соңғы минуттарында алаңға қосалқы құрамнан шығып жүрдіңіз. Тек соңғы - Нетаниядағы "Маккабиге" қарсы матчта толық ойын өткіздіңіз. Сізге бұл қиын болды ма?
- Біздің барлығымызға қиын болды. Израильдіктер жараланған жыртқыш секілді ойнады. Өйткені олар жеңілсе плей-оффқа шығу мүмкіндігінен толық айырылатын еді. Біз қорғанысқа негізделе ойнадық, көп уақыт допсыз қимылдауға тура келді. Біз қарсыласқа беріспедік, ал Абзал мен Патрик бізге жеңіс сыйлаған голды соға алды.
- Асхат, «Астана» футбол клубында еурокубоктардың топтық кезеңі тарихында алғаш рет плей-офф кезеңіне шығатын керемет мүмкіндік туып отыр. Осы мүмкіндіктің орындалуына ойыншалар қаншалықты сенеді?
- «Генерал болуды армандамайтын солдат, солдат емес» деген мақал бар. Еурокубоктердің 1/16 кезеңіне жолдама алу үшін біз қолдан келгеннің барлығын жасайтын боламыз. Алдағы «Вильярреал» мен «Славияға» қарсы ойындарда қарсылас команда қақпасының осал түсын тауып, жеңіске жету үшін еңбектеніп жатырмыз. Біз топтық кезеңдегі мықты командаларға қарсы өзіміздің лайықты ойынымызды көрсете алатынымызға сенеміз!
- Ел чемпионаты аяқталып, басқа командалардағы әріптестеріңіз демалысқа аттанып жатқан уақытта, яғни, қараша желтоқсан айларында ойынға шығу, дайындылу қаншалықты қиын?
- Сіз маған сенбеуіңіз мүмкін, алайда біз демалыс туралы әзірге ойлаған емеспіз. Бізді алда екі маңызды матч күтіп тұр. Ал осы екі ойынның арасында қысқа мерзімді оқу-жаттығу жиыны бар. Команда толықтай алдағы ойындарға еңбектеніп жатыр.Неліктен? Себебі, «Астана» - еліміздің ең үздік командасы! Біз Еуропада жоғары нәтиже көрсету үшін барымызды салатын боламыз.