Пике төрешіге: Сен үйіңнен шықпай жатып, маған сары қағазды дайындап қойғансың
«Барселонаның» қорғаушысы Херард Пике Испания біріншілігінің 12 турында «Леганеске» (3:0) қарсы кездесуде сары қағазды абайсызда алмағанын айтты.
Ойынның 29 минутында доппен келе жатқан қарсыласын ұстап тоқтатқаны үшін Пикеге сары қағаз көрсетілген. Осының себебінен қорғаушы «Валенсияға» қарсы келесі кездесуге қатыса алмайды.
«Ундиано, маған әдейі сары қағаз көрсетпедім деп айта көрме. Сен үйіңнен шықпай жатып, маған сары қағазды дайындап қойғансың», — деп келтіреді Пикенің сөзін Deportes Cuatro.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или