Канелоның бапкері Головкинмен өтетін екінші жекпе-жекке қатысты пікірін айтты

Канелоның бапкері Головкинмен өтетін екінші жекпе-жекке қатысты пікірін айтты

Мексикалық боксшы Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) промоутері Оскар де ла Хойя қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) өтуі мүмкін қарымта кездесудің қашан өтетініне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Бәрі жуырда болады. Біз келіссөздерді желтоқсан айында бастаймыз. Бұл «Канело» қалаған жекпе-жек болатыны анық», - деді Де ла Хойя BOXEO арнасына берген сұхбатында.

Қарымта жекпе-жек 5 мамыр немесе қыркүйек айында өтеді деп жоспарлануда.

Естеріңізде болса, 17 қыркүйек күні 12 раундқа созылған жекпе-жекте Канело мен GGG тең түскен болатын. Соған орай Гена Канеломен реванш өткізгісі келетінін айтқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или