Аңыз футболшы Олег Литвиненконың өмірден өткеніне 10 жыл

Аңыз футболшы Олег Литвиненконың өмірден өткеніне 10 жыл

Бүгін Қазақстан Ұлттық құрамасының атақты шабуылшысы, аңыз ойыншы әрі керемет жігіт Олег Литвиненко өмірден өткеніне 10 жыл.

Ұлттық құрама деңгейінде О.Литвиненко Атланта-1996 Олимпиадасына іріктеу кезеңінде жарқ етті. Сол кезде шабуылшымыз 10 (!) гол соғып, барлығын таң қалдырған еді. Ол олимпиадалық іріктеу кезеңнің үздік бомбардирі әрі ең мықты ай ойыншысы атанды. Шетелдік БАҚ-та қазақстандық мерген туралы «Oleg the Great» («Великий Олег»), «Litty-Hurricane» («Литти-Ураган») деген тақырыппен мақалалар жарық көрді.

Осыған қоса Олег клубтық деңгейде де өзін барынша көрсете білді. Әсіресе 90-шы жылдары Семейдің мықты «Елім-ай» кәсіби футбол клубында ерекше танылды. Ол осы команда сапында екі рет ел чемпионы атанып, үш рет Кубок пен бір рет Суперкубок иеленді. Сонымен қатар, аңыз шабуылшымыз ішкі және шетелдік турнирлердің ресми және жолдастық кездесулерінде 200-ге жуық гол соққан. Қазақстан футболының түлегі, ел тарихындағы ең үздік шабуылшылардың бірі О.Литвиненко екі рет Премьер-Лиганың үздік бомбардирі атанды.

2007 жылдың 18 қараша күні Олег Литвиненко өмірден озды. Еліміздің футболы керемет ойыншысынан, әріптестері мен жанкүйерлер арасында мол құрметке ие азаматынан айырылды.

- Таланты мен шеберлігі келіскен Олег Литвиненко жүрегімен ойнайтын, - дейді оның командаласы әрі Қазақстан футболының ардагері Қайрат Әубәкіров. – Ол әр кездесуде соңына дейін ойнап, бар күш-жігерін аямайтын. Шаршаған футболшыларды жігерлендіріп қоятын. Әркез қалжыңдасып, жүрген жерінде бәрін күлдіріп, жайдары жүретін. Литвиненконың бірден бір ерекшелігі – оның координациясы. Ол оған спорттық жағынан да, жарақаттан аман қалуға да көмектесті. Қанша рет қарсылас команда қастандық ойлап, оны әдейі шалып-құлатқысы келіп, қызыл қағаз алса да, сындырып тастауға тырысты. Бірақ қолдарынан дым келмеді! Олег осындай «лас» футбол ойнайтындардың әрекетін алдын ала біліп тұратын. Ал айып алаңында олар оған жоламайтын.

- Шеберліктің шыңына жеткен Олег жеке ойыншы ретінде де, команда мүшесі ретінде де керемет әрі жеңіл ойнайтын. Осыған қоса гол соғуды ұмыт қалдырмай, әдемі доптар сатушы еді, - деп еске алады оның досы және Қазақстанның тағы бір атақты шабуылшысы Андрей Мирошниченко. – Ол физикалық тұрғыдан мықты әрі шыдамды болатын, бірақ соған қарамастан оның ойнында бір көркемдік бар еді. Көрермендер оны жақсы көретін. Оның футболы – өте әдемі.

- Олег керемет бомбардир болумен қатар, қара жұмыстан тайынбай, алаңда шынымен еңбек ететін. Себебі ол шабуылшылардың қорғаушыларға көмектесу керек екенін жақсы түсінетін, - дейді Олег Литвиненконың клубтасы әрі Қазақстан футболының ардагері Сергей Суродеев. – Литвиненко жас ұрпаққа нағыз үлгі болатын адам. Ол қай кезде артқа оралып, орталық алаңда немесе қорғаныста қалай ойнау керек екенін жақсы білетін. Қарсылас шабуылдарын тоқтатып, өз шабуылымызды үйлестіріп, ұйымдастырып әкететін. Осылай алаңнын әр шетінде үлгеру үшін, әрине, батырдай денсаулық керек еді. Олег үлгеретін... Досымыздың жатқан жері жайлы болсын... Ол сияқты адам мың жылда бір рет туады...

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или