Конькимен сырғанаудан тегін сабақтар Медеу қонақтарын қайта қуантты

Конькимен сырғанаудан тегін сабақтар Медеу қонақтарын қайта қуантты

«Медеу» мұз айдыныңда «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында конькимен сырғанауды тегін үйрету сабақтары жалғасуда.

Әр жексенбі күні, кез келген коньки тебуші тәжірибелі жаттықтырушылардың көмегімен осы спорт түрінің негіздерін меңгере алады. Ал, «Медеуге» келушілер көптеген қызықты ойындарға қатысып, бағалы сыйлықтар ұтып алуға мүмкіндіктері бар.

- Біз бүгін отбасымызбен бірге келдік. Келушілер үшін бұл жақсы мүмкіндік, әсіресе балаларға, олар нұсқаушылармен бірге коньки тебуді жылдам үйрене алады. Онымен қоса, ұлым байқауға қатысып, сыйлық ұтып алды. Осындай мүмкіндікті пайдаланып, ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін, - деп бөлісті Айнұр Ракишева.

Естеріңізге сала кетсек, конькимен сырғанауға ақысыз түрде үйрету сабақтары желтоқасанның 24-іне дейін жалғасып, келесі жылдың қаңтар айында қайта іске қосылады.

Спорттық шараның басты мақсаты қаладағы бұқаралық спорт түрлерін дамытып, қала тұрғындары мен қонақтарын салауатты өмір салтын ұстануға шақырту болып табылады. Акция «Спорттык Алматы» бағдарламасына биылғы жылдың 25-ші ақпанында басталған болатын. «Спорттық Алматы» бағдарламасы қаладағы бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или