Украиналық клуб Патрик Твумасиді сатып алмақ
<span>Елордалық «Астана» клубының шабуылшысы жуық арада Украина біріншілігінде өнер көрсететін «Динамо» клубының сапына ауысуы мүмкін. Бұл туралы footballtransfer.ru порталы хабарлайды.</span>
<span>23 жастағы шабуылшыны «Динамо» клубының басшылығы командада көргісі келеді екен. Твумаси киевтік команданың жарақат алып қалған шабуылшысы Артем Кравцтың орнын басуы әбден ықтимал. </span>
<span>Айта кетейік, Патрик Твумаси 2013 жылы ауысып келген болатын. Сол маусымда ол елордалық клуб сапында 11 ойын өткізіп, 6 гол соқты. 2014 жылдың бірінші бөлігін Ресейдің «Амкар» клубында өткізіп, маусымның ортасында «Астана» сапына қайта оралған.</span>
<span>Өткен аптада шабуылшы «Астана» клубымен келісімшартын 2019 жылғы маусымның соңына дейін созған еді.</span>