Футбол фристайлы бойынша Қазақстан чемпионаты өтеді

Футбол фристайлы бойынша Қазақстан чемпионаты өтеді

Қазақстан Футбол Федерациясы мен елордалық «Астана» футбол клубы бірлесе отырып ел тарихында тұңғыш рет футбол фристайлы бойынша Қазақстан чемпионатын ұйымдастырмақ.

Жарыстан бөлек бұл шараның мақсаты – Қазақстанда спорттың дәл осы түрін дамытуға қолдау көрсету, жастар арасында салауатты өмір салтын, дене тәрбиесін және спортты насихаттау. Сонымен қатар, спорттың осы түрі бойынша еліміздің таланттарын әлемдік деңгейге шығару көзделіп отыр.

- Спорттық шараға Ресейден келетін танымал спортшылар, футбол фристайлы бойынша Әлем чемпиондары мен «Astana FF» командасы қатысады деп жоспарланған. Осыған қоса, шара барысында УЕФА Еуропа Лигасы аясында өтетін «Астана» - «Вильярреал» (Испания) матчына билеттер мен ойыншылар қолы қойылған футбол добы ойнатылады. Қазақстан чемпионаты sick3, ironman және routine сияқты үш түр бойынша өтеді, - деді ҚФФ баспасөз-қызметіне сұхбат берген Қазақстан футбол фристайл Федерациясының президенті Қуаныш Абдуалиев.

Өтетін күні: 19 қараша 2017 жыл, басталуы сағат 15.00.

Өтетін жері: Астана, «Хан Шатыр» ОСО, Тұран даңғылы, 37.

Шараға қолдау білдіргендер: Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Хан Шатыр» ОСО, Астана Әкімдігінің «Оқушылар сарайы»МКҚК мен «СДЮСШОР № 8», «Жасамир» қонақ үйі, «LifeFootball» спорттық дүкені, «RedBull» компаниясы, футбол фристайлы бойынша «Astana FF» командасы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или