Алматыда студенттер шағын футболдан мыктыны анықтады

Алматыда студенттер шағын футболдан мыктыны анықтады

Алматыда Спорттық Алматы бағдарлмасы аясында ЖОО студенттері арасында шағын футболдан жарыс өтті.

Бұл спорттық іс-шара Олжа Спорт футбол алаңдарында 22 ұлдар мен қыздар командаларының қатысуымен өткізілді. Қыздар арасында болған тартысты кездесулердің нәтижесі бойынша үздік болып ҚазАСТ студенттері атанса, КИМЭП пен Абай атындағы ҚазҰПУ екінші және үшінші орынға жайғасты. Ал, ұлдар арасында 16 ұжым бақ сынасып Абай атындағы ҚазҰПУ бірінші орынды жеңіп алды. Қ.Сатпаев атындағы ҚазҰТЗУ мен Сүлейман Демирел атындағы университет күміс пен қола жүлделерге ие болды.

- Бұл жарыс өте ұнады. Барлық командалар жақсы дйындықпен келген. Біз жеңіске жету үшін бар күшімізді салып, дегенімізге жеттік. Ризамыз. Алдағы уақытта да университетіміздің атын көптген жарыстарда қорғайтын боламыз, Барлығына рахмет! – деді ҚазҰПУ студенті Мұхтар Дәрібаев.

Айта кету керек, бұл жарыс жастарды салауатты өмір салтына бейімдеу, сондай-ақ үздік командаларды анықтау мақсатында Олимпиада жүйесіне сәйкес ұйымдастырылған болатын.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом және медалдар, сонымен қатар сыйлықтар мен «Hawaii» аквапаркіне билеттер табысталды. Ал, осы жылы бағдарлама аясында көптеген спартакиадаларға белсенді қатысқаны үшін ҚР КНБ академиясы, Нархоз және Нұр-Мүбарак ЖОО кубокпен мадақталды.

«Спорттық Алматы» - мегаполистегі бұқаралық спортты дамытуға бағытталған бағдарлама. Жылдың басынан осы бағдарлама аясында студенттер арасында көптеген спартакиадалар, шахмат, шашки, тоғызқұмалақ, баскетбол, волейбол спорт түрлерінен жарыстар өткізілген болатын.

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или