Жуниор Кабананга: Еуропа Лигасындағы мақсатымыз – топтан шығу
– Жуниор, чемпиондық атақтың «Қайратқа» емес, «Астанаға» бұйыруының басты себебі не?
– Өйткені, біз өз мүмкіндіктерімізді жіберген жоқпыз. Ал «Қайрат» ойламаған жерден аутсайдер командалармен ұпай бөлісіп жатты. Иә, жеке кездесулерде біз «Қайраттан» жеңілдік, бірақ басқа ойындарда жеңіске жетіп, өз ұпайымызды толтырып отырдық.
– 32-турда «Астана» «Қайраттан» неге жеңілді деп ойлайсыз?
– Сол матчта «Қайраттың» бізден басым болғаны рас. Себебі, олар аптасына бір рет қана алаңға шықса, біз соңғы екі айда кестеміздің тығыздығына байланысты екі реттен ойнадық. Олар ойынға дейін бізді әбден зерттеп алған екен. Дұрыстап тынығып үлгермеген біздердің алғашқы 45 минуттан соң шаршай бастайтынымызды олар алдын ала білді. Сондықтан да, екінші таймға қатты дайындалыпты. Нәтижесінде жеңіске жетті.
– Қарашаның 23-не қабылдайтын «Вильярреалды» жеңе аламыз ба?
– «Вильярреал» күшті қарсылас, әрі өте жақсы команда. Мұндай ұжымның Қазақстанға келіп жатқаны өз пайдасын тигізері сөзсіз. Өйткені, атақты клубтармен қарсыласу футболшылардың, команданың, тіпті, қала мен елдің де имиджін көтереді. Мақсатымыз – топтан шығу. Сол үшін барымызды саламыз. Егер «Вильярреалдан» басым түссек, онда арманымыз шындыққа айналады. Сол тарихты жасау үшін «Астана-Аренада» аянып қалмаймыз.
– Бұл маусым сен үшін жаман болмаған сияқты. «Астанадан» бөлек құрама сапында да жақсы өнер көрсетіп жүрсің. Алдағы уақытта Еуропа чемпионаттарында өнер көрсеткің келмей ме?
– Маусым әлі аяқталған жоқ. Алда жауапты екі матч бар. Осы екі ойынды абыроймен өткізсек, содан кейін асықпай ойланып, дұрыс шешім қабылдауға уақытым жеткілікті деп ойлаймын.
Естеріңізге салсақ, Кабананга биылғы чемпионатта 19 гол соғып, үздік шабуылшылар тізімінде екінші орыннан көрінді. Бірінші орынға қарсыластар қақпасына 24 доп дарытқан «Қайраттың» экс-шабуылшысы Жерар Гоу жайғасқан.