Ненад Эрич: Маусым ұзақ, соған қарамастан команда жеңіске жету үшін көп еңбектенді
<span style="font-style: inherit;">– Ненад, чемпиондық межені уыстан шығарып аламыз-ау деген күдік болған жоқ па?</span>
<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">– Чемпионаттың соңғы турында ондай сәттер болғаны рас. Себебі соңғы екі айда команда әр үш күн сайын алаңға шықты. Оның үстіне, ұпай да жоғалттық. Ал ұпай жоғалтқан кезде чемпиондықтан айырылып қалар ма екенбіз деген ойлар мазалайды. Маусым ұзақ, соған қарамастан команда жеңіске жету үшін көп еңбектенді. Сол себепті біздің команда чемпион болуға әбден лайық деп ойлаймын.</span>
<span style="font-style: inherit;">– «Астана» үшін биылғы жылы чемпиондық атаққа қол жеткізу қиынға соқты деп айтуға келе ме?</span>
<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">– Солай деп айтуға да болады. Себебі, біздің басты қарсыласымыз «Қайратқа» келген жаңа бапкер команданы жеңіске жетелеп, соңғы кезеңге дейін чемпион болуы үшін барын салды.</span>