Астана әкімі Әсет Исекешев «Астананы» чемпиондығымен құттықтады

Астана әкімі Әсет Исекешев «Астананы» чемпиондығымен құттықтады

Елордада «Астана» футболшылары мен команда мүшелерін марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Осы кеште сөз алған қала әкімі Әсет Исекешев команданы жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта да қаланың, елдің абыройын асқақтата берулеріне тілектестік білдірді.

– «Астана» қатарынан төрт дүркін Қазақстан чемпионы болып отыр. Осы жеңісімен команданың барлық футболшыларын және жанкүйерлерін шын жүректен құттықтаймын. Соңғы турдың өте тартысты өткенін бәріміз білеміз. Бұл кездесуде де «Астана» намысты қолдан берген жоқ. Маусым бойы чемпионатпен қатар еурокубок бәсекесінде де жоғары деңгейде өнер көрсете білгені үшін клуб басшыларына, жаттықтырушылар мен футболшыларға алғысымды білдіремін. Сондай-ақ, ертеңінен үлкен үміт күтіп отырған «Астананың» жас футболшыларын да құттықтаймын. Олар біздің болашақ чемпиондар, – деді Ә.Исекешев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или