Астана әкімі жас чемпиондарға Түркияға жолдама сыйлады

Астана әкімі жас чемпиондарға Түркияға жолдама сыйлады

Бүгін «Астана» командасының бапкерлер құрамы мен ойыншыларының ел чемпионатының алтын жүлдесімен марапатту рәсімі өтті. Елордалық команда осы маусымда төртінші рет қатарынан ішкі біріншілікте топ жарып, Қазақстан чемпионатында жаңа рекорд орнатқан болатын.

Салтанатты марапаттау рәсімі кезінде клубымыздың футбол орталығының жас тәрбиеленушілері де назардан тыс қалған жоқ. Астана қаласының әкімі Әсет Өрентайұлы Исекешев 2005 жылы туған жасөспірімдерден құралған футбол орталықтары мен академиялары командалары арасында топ жарған елордалық жасөспірімдердің әрқайсысына естелікке доп, кубок және командаға Түркияға жаттығу жиынына жолдама сыйлады.

Енді «Астана» футбол орталығының жасөспірімдері алдағы маусымға тыңғылықты дайындалатын болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или