Ұлттық Олимпиада комитеті Астанадағы университетпен ынтымақтастық орнатты
Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитеті мен Л.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университеті өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
<span>Осы келісім аясында Олимпиадалық қозғалыс пен салауатты өмір салтын дамытуға бағытталған өзара іс-шараларды өткізу, жастарды оқуға, рухани және мәдени құндылықтарға баулу туралы келісілді. </span>

<span> </span>
<span>«Бүгінде Тимур Құлыбаевтың басшылығымен Ұлттық Олимпиадалық комитет Олимпиадалық спортты дамыту да жаңа әдістерді қолдануда. Қазірдің өзінде біз Қазақстанның спорттық индустриясының одан да тиімді жұмыс жасауы үшін жүйелі негізін қаладық. ҚР ҰОК президенті жоғары жетістіктер спортының негізі болатын бұқаралық және студенттер спортына аса көңіл бөлуде. Қазіргі таңда олимпиадалық қозғалысты және еліміздің студенттер спортын дамыту мақсатында Қазақстанның ірі оқу орындары мен ынтымақтастық жөніндегі меморандум да әзірленіп жатыр. Жетекші спортшыларымыз білім алып жатқан еліміздегі ең үздік оқу ордаларының бірімен ынтымақтастықты бастап жатқанымызға қуаныштымыз», - деді Д.Абулгазин.</span>