Ауыр атлеттер Олимпиадаға басқаша іріктеледі
Ауыр атлеттердің Олимпиада ойындарына іріктеу жүйесі өзгермек. Халықаралық ауыр атлетика қауымдастығы (IWF) жаңа жоба дайындап жатыр , - деп жазады Insidethegames.

Осыған дейін ауыр атлеттердің Олимпиада ойындарына қатысуы – ел құрамасының халықаралық жарыстардағы нәтижесіне байланысты еді. Жаңа жүйе бойынша ауыр атлеттер төртжылдықтың басты додасына жекелей көрсеткіштері бойынша жолдама алады.

Жаңа жүйе спортшылардың допинг тексеруден өту тәртібін қатаңдатып, үздік спортшылардың іріктеліп шығуына жол ашады. 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиадаға іріктеу осы жүйе бойынша өтуі мүмкін.

Айта кетейік, қыркүйек айында Қазақстан ұлттық құрамасы Анахаймда (АҚШ) өтетін әлем чемпионатына қатыспайтыны белгілі болған. Допинг дауынан кейін Ресей, Армения, Әзірбайжан, Белорусь, Қытай, Молдова, Түркия және Украина құрамалары да жарыстан шеттетілді.