Диас Еренғайыпов джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды

Диас Еренғайыпов джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды

<span>Қазақстандық джиу-джитсу шеберлері кезекті әлем чемпионатына дайындалып жатса, бір тобы дүниежүзілік бәсекеден олжалы оралды. </span>

<span>Италияның Наполи қаласында өткен әлем біріншілігінде джиу-джитсудың «комбат» және «греплинг» түрінен мықтылар анықталды. Қазақ елінің атынан тоғыз спортшы сынға түсіп, сегізі жүлделі болды. Мысалы, Диас Еренғайыпов джиу-джитсудың екі түрінен де топ жарды. </span>

<span>65 келі салмақта сайысқа шыққан астаналық спортшы қарсыластарын айқын ұтты. Бұл – Диастың әлемдік сындағы алғашқы жүлдесі. </span>

<span>– Мықты-мықты спортшылар келді. Польшадан мықты команда келді. Қазақстан да мықты командалардың бірі болды. Осы әлем чемпионатына көп тренировка жасадым. Үлкен жол болды. Осы чемпионатқа көп дайындықтан өттім. Бапкерлеріммен, бірге жаттығатын балалармен маңдай терімізді төгіп, осы деңгейге жеттік, - Диас Еренғайыпов.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или