Африкалық БАҚ: Гоу Қазақстанда Дрогбаға айналды

Африкалық БАҚ: Гоу Қазақстанда Дрогбаға айналды

Poleafrique.info сайтының журналисі Фернан Деденің пікірінше, Кот-д’Ивуар құрамасының бас бапкері Марк Вильмотс (қызметінен босады) ұлттық командаға «Қайраттың» шабуылшысы Жерар Гоуды шақырту тиіс еді.

«Вильмотс құрамаға басқа ойыншыларды шақырды. Неге ол Кристан Коффи немесе «бүгінгі күннің Нгола Кантесі» Фуссени Кулибалиді шақырмады? Қазақстандағы ивуар футболының мақтанышы Жерар Гоу бар – бұл елде ол соңғы бірнеше маусымда Дидье Дрогбаға айналды. Есесіне Қытайда ойнап жүрген футболшыларды шақырды», - деп жазды африкалық БАҚ өкілі.

Айта кетейік, Кот-д’Ивуар құрамасы әлем чемпионатына өте алмай қалды. Ал бас бапкер Марк Вильмотс қызметінен босады.

Жерар Гоу болса, осы маусымда 24 гол соғып, Қазақстан чемпионатының үздік сұрмергені атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или