«Астананың» ойыншылары құрамаға шақырту алды

«Астананың» ойыншылары құрамаға шақырту алды

«Астана» командасының төрт ойыншысы Қазақстан жасөспірімдер құрамасына шақыртылды. Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметі хабарлады.

2002 жылы туған жасөспірімдер құралған Қазақстан құрамасы алдағы маусымға дайындалу үшін, Талғардағы Ұлттық құрама командалар базасында оқу-жаттығу жиынын өткізеді. 

Осы жастағы құрама бапкері Игорь Свечников осы жиынға елордалық команда сапынан 4 ойыншыны құрамаға шақырды. 

Олар: қорғаушы Игорь Свечников, жартылай қорғаушылар Алдияр Тастанов және Байжан Мадельхан, шабуылшы Руслан Киргетов. 

Айта кетейік, Мадельхан 17 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасына осы жылы шақырту алса, қалғандар үшін бұл алғашқы шақырту.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или