Эриксен Данияны Әлем чемпионатына шығарды

Эриксен Данияны Әлем чемпионатына шығарды

Футболдан жазда Ресейде өтетін Әлем чемпионатына Қарт құрлықтан соңғы жолдаманы Ирландия мен Дания құрамалары сарапқа салды.

Қос команда арасындағы алғашқы ойында есеп ашылмай, жолдама тағдыры екінші кездесуге қалған болатын. Ойын Дания құрамасы үшін сәтсіз басталып, кездесудің небары бесінші минутында қонақтар қақпасына гол жіберіп алды. Мергендігімен көзге түскен Даффи болатын.

Ендігі жерде Дания құрамасына Әлем чемпионатына шығу үшін қалай да есепті теңестіру міндеті тұрды. Аге Харейде шәкірттері бұл тапсырманы матчтың 29-минутында орындай алды. Алайда гол соққан Дания емес Ирландия құрамасының қорғаушысы Кристи болатын. Толассыз шабуылдар кезінде қорғаушы қақпаға еніп бара жатқан допты шығарып жіберем деген талпынысы автоголға алып келді.

Есеп теңескен соң араға үш минут салып Дания құрамасының көшбасшысы Эриксен өз командасын алға шығарды. Бұл Эриксеннің кездесуде соққан үш голының алғашқысы еді.

Ал кездесуді Бендтнер қортындылады. Ойын соңында пенальтиден мүлт кетпеген шабуылшы есепті 1-5 жеткізді.

Ирландия – Дания – 1:5 (1:2)

Голдар: Даффи 6 - Кристи 29 (авт), Эриксен 32, Эриксен 63, Эриксен 73, Бендтнер 90 (пен)

Ирландия: Рэндольф, Кларк (Лонг 71), Даффи, Уорд, Кристи, Мейлер (Хулахан 46), МакКлин, Брэди, Хендрик, Артер (МакГиди 46), Мерфи.

Дания: Шмейхель, Кьер, Бьелланд, Кристенсен, Ларсен (Анкерсен 54), Делэни, Квист, Эриксен, Систо, Поульсен (Корнелиус 70), Йоргенсен (Бендтнер 84).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или