Твумаси «Вильярреалға» қарсы ойнамауы мүмкін
«Астананың» шабуылшысы Патрик Твумаси тобығын жарақаттап алғаны үшін Германияға тексеріске аттанды.
Оның Еуропа лигасында «Вильярреалға» қарсы матчқа қатысар-қатыспасы белгісіз. Ол13 қарашада Гана сапында Мысыр құрамасына қарсы матчқа шықпауы мүмкін еді, алайда ганалық дәрігерлер ойыншыны қалпына келтіріп үлгерген.
Айта кетейік, Твумаси осы еурокубоктық маусымдағы 10 матчта сегіз гол соққан болатын. Ал «Вильярреалға» қарсы матч 23 қарашада «Астанада» өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или