Роналду ғаламшардың үздік футболшысы атанды

Роналду ғаламшардың үздік футболшысы атанды

«Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду Goal порталының нұсқасы бойынша ғаламшардың үздік футболшысы атанды.

Екінші орынды «Ювентустың» қақпашысы Джанлуиджи Буффон алды. Ал үздік үштікті «Реалдың» ойыншысы Лука Модрич түйіндеп тұр.

«Барселонаның» шабуылшысы Лео Месси төртінші сатыға тұрақтады.

Былтыр да Роналду осы басылымның нұсқасы бойынша үздік атанған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или