Шомко ҚПЛ-ның ең нәтижелі қорғаушысы атанды
2017 жылғы Қазақстан Премьер-Лигасы өз мәресіне жетіп, «Астана» футбол клубы ел чемпионатында төртінші мәрте топ жарды. Елордалық ойыншылар соңғы чемпиондық матчта оралдық «Ақжайық» командасын 2:0 есебімен жеңді.
<span>Еліміздің ішкі біріншілігіндегі футбол маусымы аяқталғанымен, астаналықтар үшін маусым әлі де жалғасуда. Дегенмен, қазірден бастап Премьер-Лиганы қорытындылап, ойыншылардың статистикалық нәтижелін шығара беруге болады. </span>
<span>Осы нәтижелер бойынша Дмитрий Шомко чемпионаттың ең нәтижелі қорғаушысы атанды. Оның еншісінде 1 гол мен 10 нәтижелі пас бар. Дмитрий гол+пас жүйесі бойынша «Ертіс» командасының қорғаушысы сербиялық Стефан Живковичті 3 ұпайға артқа тастады. Үздіктер қатарында елордалық ұжымның тағы бір қорғаушысы Юрий Логвиненко да бар. Оның еншісінде 4 гол мен 2 нәтижелі пас бар. </span>
<span>«Астана» сапындағы қорғаныс шебіндегі әріптесінен 1 ұпайға кем жинаған Абзал Бейсебековтың еншісінде 5 голдық пас бар.</span>