Станимир Стоилов – 2017 жылғы Премьер-Лиганың үздік бапкері

Станимир Стоилов – 2017 жылғы Премьер-Лиганың үздік бапкері

Қазақстанның Кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) 2017 жылғы футбол маусымының қорытындыларын жариялауды жалғастырады.

Бүгін «Үздік бапкер» аталымының қорытындысы жарияланды. Естеріңізге сала кетейік, ҚКФЛ осыған дейін футбол клубтарының басшылары, бас бапкерлері мен капитандары арасында сауалнама жүргізген болатын. 

Әр дауыс беруші өз көзқарасындағы үздік үштікті таңдаған болатын. Одан кейін, дауыс беру реті бойынша арнайы ұпайлар белгіленді: 3 ұпай – бірінші орын, 2 ұпай – 2 орын, 1 ұпай – үшінші орын. Ал қорытынды осы ұпайлар бойынша шығарылды. 

Ал «Үздік бапкер» аталымын «Астана» футбол клубының бас бапкері Станимир Стоилов жеңіп алды. Болгариялық маманның еншісінде 84 ұпай! Осыған дейін Станимир сәуір, шілде, тамыз, қыркүйек және қазан айларында 5 мәрте айдың үздік бапкері атағына ие болған болатын. 

Дауыс беру қорытындысы бойынша үздік бестік төмендегідей: 

1. Станимир Стоилов, «Астана» - 84 ұпай 

2. Карлос Алос Феррер, «Қайрат» - 33 ұпай 

3. Алексей Петрушин, «Ордабасы» - 25 ұпай 

4. Саулюс Ширмялис, «Шахтер» - 22 ұпай 

5. Вахид Масудов, «Ақжайық» - 14 ұпай

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или