«Астана» футболшылары жаттығу жұмыстарына қайта кірісті

«Астана» футболшылары жаттығу жұмыстарына қайта кірісті

Қазақстан чемпионаты аяқталғаннан кейін қысқа мерзімді демалысқа аттанған елордалық команда ойыншылары мен бапкерлер құрамы жаттығу жұмыстарына қайта кірісті.

Астанада ұлттық құрамаларына аттанған Патрик Твумаси мен Жуниор Кабанангадан бөлек, барлық ойыншылар бас қосты. 

Бұл ффутболшылардан бөлек, «Астана» сапына ұзақ уақыт жарақатынан емделген Ласло Кляйнхайслер де келіп, жекелей жаттығу жұмыстарын бастады. 

Естеріңізге сала кетейік, Станимир Стойлов шәкірттері 23 қараша күні Еуропа Лигасының топтық кезеңі аясында өтетін испаниялық «Вильярреалға» қарсы кездесуге дайындалуда. Ойынның басталуы: 22:00-де. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или