Владислав Прокопенко — 2017 жылғы ҚПЛ-дың ең жас ойыншысы
«Астананың» футбол маусымы әлі жалғасып жатыр, алда Еуропа Лигасы топтық кезеңі аясындағы екі ойын тұр. Елордалық футболшылар үшін ел чемпионы сәтті аяқталды — Станимир Стойлов шәкірттері қатарынан төртінші жыл алтын медаль иегерлері атанды.
Осы маусымда Қазақстанның төрт дүркін чемпиондарының бапкерлер штабы ойындарға жас футболшыларды көбірек жұмылдыра түсті. Сондықтан да Қазақстан Премьер-лигасының ең жас ойыншысы «Астана» футболшысы болғаны табиғи заңдылық.
Ол — елорда футбол орталығының тәрбиеленушісі Владислав Прокопенко. Шабуылшы «Астана» – «Оқжетпес» (3:0) ойынында қосалқы құрамнан алаңға шыққанда дүниеге келгеніне енді ғана 16 жыл, 11 ай 25 күн толған еді.
Осы аталымның үштігін «Астананың» тағы бір футболшысы Мәди Жақыпбаев түгендеп тұрғаны қуантады. Жас астаналық негізгі құрам сапындағы дебютін өткен маусымда тойлаған болатын. Сол кезде Мәди ерте дебют бойынша чемпионат және клуб рекордын орнатқан еді. Бұл маусымда Мәди ҚПЛ аясында 11 қазан күні «Шахтерға» қарсы сырт алаңда өткен матчқа қатысқанда, оған 17 жас, 6 ай және 20 күн толған-тын.
ҚПЛ-ның ең жас ойыншыларының ондығына «Астанадан» тағы екі футболшы қосылды. Талғат Кусяпов «Ордабасыға» қарсы 18 жас, 8 ай, 8 күн толғанда, ал Геворг Наджарян бірінші турда 19 жас,