Жанкүйерлер қазан айында соғылған үздік голды анықтады

Жанкүйерлер қазан айында соғылған үздік голды анықтады

Қалыптасқан дәстүрге орай, «Астана» футбол клубының Вконтакте желісіндегі ресми парақшасында жанкүйерлер қазан айының үздік голын дауыс беру арқылы таңдады.

Астаналықтар қазан айында 13 гол соқса, соның 9-ы дауысқа түсті.

Жалпы қорытындыда Патрик Твумасидің Еуропа Лигасы топтық кезеңі аясында израильдік «Маккаби» қақпасына соққан голы үздік шықты. Дмитрий Шомконың берген пасынан кейін қақпаға тура бағытталған Патриктің голы жанкүйерлер тарапынан 39,4% дауыс жинады.

Екінші және үшінші орынды Жуниор Кабананганың «Маккаби» қақпасынан соққан голдары өзара бөлісті. Қарымта шабуылдан соғылған конголықтың алғашқы голы 21,3% дауыс жинаса, Шомконың берген пасынан соққан голы 15,5% қолдауға ие болды.

Дауыс беру бойынша үздік бестік: 

1.Твумасидің «Маккаби» қақпасына соққан голы 39,4% 

2. Кабананганың «Маккаби» қақпасына соққан алғашқы голы 21,3% 

3. Кабананганың «Маккаби» қақпасына соққан екінші голы 15,5% 

4. Шомконың «Тобыл» қақпасына соққан голы 11,9% 

5. Твумасидің «Оқжетпес» қақпасына соққан голы 3,8% 

Дауыс беруге 3 522 адам қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или