Швеция әлем чемпионатына жолдама алды
Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Италия мен Швеция құрамалары өзара мықтыны анықтады.
«Джузеппе Меацца» стадионында өткен тартысты кездесуде Италия құрамасы жанкүйерлерін қуанта алмады. Бірінші ойында скандинавиялықтардан 1:0 есебімен ұтылған «Скуадра Адзурра» екінші ойында да қарсылас қақпасынан саңылау таппады. Нәтижесінде, Италия құрамасы тарихында екінші рет әлем чемпионатынан тыс қалды.
Естеріңізге салайық, сонау 1958 жылы Италия құрамасы Швецияда өткен әлем чемпионатына іріктелмей қалған болатын. Ал енді сол Швеция құрамасы Буффон бастаған Италия құрамасының жолын тағы да кесті.
Әлем чемпионаты 2018. Іргелес матчтар. Еуропа. Қарымта кездесу. «Джузеппе Меацца» стадионы
Италия – Швеция 0:0 (0:0)
Италия: Буффон, Дармиан, Барцальи, Бонуччи, Кьеллини, Флоренци, Кандрева, Жоржиньо, Пароло, Иммобиле, Габбьядини.
Швеция: Ольсен, Нильссон-Линделеф, Гранквист, Аугустинсон, Лустиг, Юханссон, Ларссон, Форсберг, Классон, Тойвонен, Берг.