«Қайрат» Андрей Аршавинмен келісімшартын ұзартты
«Қайрат» клубының ресейлік жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин алматылық клубпен келісімшартын ұзартты. Бұл жайлы клубтың ресми сайты хабарлады.
Аршавиннің жаңа келісімшарт мерзімі бір жыл. Ал футболшының жалақысы әзірге белгісіз.<span> </span>Естеріңізге салайық, Андрей Аршавин алматылық клуб сапында екі маусым өнер көрсетіп, 71 ойында 21 гол соқты. Келісмшартқа қол қойғаннан кейін Андрей өз ойымен бөлісті.
«Қайраттың» маған тағы бір жылға жаңа келісімшарт ұсынғаны қуантты. Маған осы жер, Алматы - жайлы мекен. Клубқа қолымнан келгенше көмектесіп, пайдам тигенге дейін осы клубта өнер көрсетемін деген үміттемін», - деді ресейлік футболшы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или