Англия футболдан Әлем чемпионатын өткізуге ниетті

Англия футболдан Әлем чемпионатын өткізуге ниетті

2030-жылғы Әлем чемпионатын өткізу мәселесінде Германия Англияның кандидатурасын қолдап отыр, деп хабарлайды Daily Mail.

Англия Футбол федерациясы Еуропада өтуі тиіс ӘЧ-2030 жөнінде әлі ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Бірақ Германия Футбол одағының президенті Райнхард Гриндель 10 қарашада халықаралық футбол қоғамдастығына УЕФА кандидаты ретінде Англияны толық қолдайтынын мәлімдеді.

Естеріңізге салсақ, 2018-жылғы Әлем чемпионатын Ресей қабылдайды, ал 2022-жылғы біріншілікті Катар елі өткізеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или