«Қайрат» қорғаушы Седрик Гогуамен келісімге отырды
Алматылық «Қайрат» клубы қорғаушы Седрик Гогуамен келісім-шарт жасасты.
Келісім екі жылға жасалған. Клубтың қалауы бойынша тағы бір жылға ұзартуға мүмкіндігі бар.
Седрик Гогуа «Сабе Спорт» футбол мектебінің түлегі.
2010-жылы «Африка Спорт» клубында ойнай бастаған. Аталмыш клубпен Кот-д’Ивуар біріншілігінің алтынын жеңіп алған.
Кейін «Иссиа Вази» клубында бір жыл доп теуіп финдік СИК клубына ауысқан. Соңғы клубымен Финляндия чемпионы атанып қана қоймай, лиганың үздік қорғаушысы болған екен.

2017-жылы «Қайрат А» клубына ауысып Қазақстанның бірінші лигасында 7 ойынға қатысып бір рет мергендік танытқан.
Жаңа маусымнан бастап Гогуа «Қайрат» клубының бас командасында ойнайтын болады.
Аты-жөні: Седрик Гогуа
Туған күні: 10 шілде, 1994-жыл
Азаматтығы: Кот-д’Ивуар
Бойы: 190 см
Салмағы: 84 кг
Алаңдағы позициясы: қорғаушы.