Жерар Гоу - Қазақстан біріншілігінің үздік ойыншысы

Жерар Гоу - Қазақстан біріншілігінің үздік ойыншысы

Қазақстан Кәсіпқой футбол Лигасы өткен маусымның үздік ойыншысын таңдады.

Дауыс беруге футбол клубтарының басшылары, команда капитандары мен бас бапкерлері қатысты. Әрбір қатысушыға өзінің үздік үштігін атау міндеттеkген. Бірінші орын 3 , екінші орынға 2, ал үздік үштікке енген ойыншы 1 ұпай еншіледі.

Дауыс беру қортындысында «Қайрат» клубының шабуылшысы Жерар Гоу үздік атанды.

Өткен маусымның үздік ондығы төмендегідей:

1. Жерар Гоу, «Қайрат» — 41 ұпай
2. Патрик Твумаси, «Астана» — 29 ұпай
3. Дмитрий Шомко, «Астана» — 25 ұпай
4. Джуниор Кабананга, «Астана» — 17 ұпай
5. Андрей Аршавин, «Қайрат» — 14 ұпай
6. Серікжан Мұжықов, «Астана» — 13 ұпай
7. Юрий Логвиненко, «Астана» — 12 ұпай
8. Иван Маевский, «Астана» — 11 ұпай
9. Исаэль, «Қайрат» — 10 ұпай
10. Бауыржан Исламхан, «Кайрат» — 9 ұпай

Өздеріңіз көріп отырғандай алғашқы ондыққа тек «Астана» мен «Қайрат» ойыншылары енген.

Естеріңізге салсақ, Жерар Гоу ойнаған «Қайрат» клубы ел чемпионатының күмісін еншілеген болатын. Олар чемпиондыққа таласта «Астана» клубынан бір ұпай қалып қойды.

Бүгін үш жыл қатарынан ел біріншілігінің үздік сұрмергені атанған Жерар Гоу «Қайраттан» кететіндігі белгілі болды.

Төменде сіздер кімнің қай ойыншыға дауыс бергендігін көре аласыздар:

Клуб басшыларының үздіктері кімдер?

Команда тізгінін ұстаған бапкерлер кімді үздік санайды?

Капитандар кімге дауыс берді?

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или