Қазақстандық әнші Роналдуды әке атануымен құттықтады
«Реал» клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду төртінші рет әке атанды.
Роналдудың сүйіктісі Джорджина Мартинес қыз босанған. Криштиану төртінші нәрестесіне Алана Мартина деген есім берген екен.
Әлемнің үздік ойыншыларының бірі Роналду отбасындағы қуанышты хабармен өзінің инстаграм парақшасында бөліскен. Әлемнің түкпір-түкпірінен Роналду мен Джорджинаны құтықтағандардың саны мыңнан асып жығылады. Бір қызығы солардың арасында қазақстандық әнші Ерке Есмахан да бар болып шықты. Ол Роналудың жазбасының астына «Бауы берік болсын» деп құттықтау қалдырыған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или