«Қайраттың» үздік сұрмергені командадан кетті
«Қайраттың» шабуылшысы Жерар Гоу Instgram желісінде алматылық клубтың жанкүйерлерімен қоштасты.
Гоу «Қайраттың» жанкүйерлеріне, әріптестері мен клуб басшылығына алғысын айтты.
Жерар Гоу мансабында ивуарлық «ЖК Абиджан», марокколық «Хассани Агадир», швейцариялық «Ксамакс», түркиялық «Денизлиспор» мен «Кайсери Эрджиесспор» және ресейлік «Краснодар» командаларында өнер көрсеткен. Кот-д’Ивуар Олимпиадалық құрамасында 5 ойын өткізіп, 3 гол соққан.
Алматылық «Қайратқа» 2014 жылдың жазында ауысып келген. «Кайсери Эрджиесспор» клубының сапында Түркия бірінші лигасында топ жарған. Қазақстан Премьер-лигасының күміс және қола жүлдегері. Қазақстан кубогының екі дүркін және суперкубогының жеңімпазы. Марокко мен Қазақстан чемпионатының, Түркия бірінші лигасының үздік сұрмергені атанған. 2015 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының үздік ойыншысы.
Африкалық Jeune Afrique журналының мәлімдеуінше Жерар Гоу жылына 2 миллион евро жалақы (Айына 165 000 еуро) белгілі болған.