Марокко 20 жылдан соң әлем біріншілігіне оралды
Марокко ұлттық құрама командасы Әлем чемпионатына іріктеу турнирінде 0:2 есебімен Кот-д'Ивуарды жеңіп, 2018 жылы Ресейде өтетін мундиалға жолдама алды, деп хабарлайды ТАСС.
Голдарды Набиль Дирар (25-минут) пен Мехди Бенатиа (30-минут) соқты. С тобында 12 ұпай жинаған Марокко бірінші орынды, екінші орынды 8 ұпаймен Кот-д'Ивуар (8) алса, Габон (6) мен Мали (4) үшінші-төртінші орындармен шектелді. Марокко құрамасы мундиалға соңғы рет 1998 жылы Францияда қатысқан болатын.
Сол кезде солтүстік-батыс африкалықтар топтан шыға алмаған. Жалпы тарихында төрт рет әлем чемпионатына барған Марокко дебютін 1970 жылы тойлап, бір рет плей-оффқа шыққан: 1986 жылы Мексикадағы мундиалдың 1/8 финалында ГФР құрамасынан жеңіліп қалады. Марокконың ірі жеңістері де сол кезеңге тура келеді, 1976 жылы Африка ұлттары кубогында жеңімпаз атанды.
Марокколықтар 2018 жылғы Әлем чемпионатына Ресей, Бразилия, Иран, Жапония, Мексика, Бельгия, Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы, Германия, Англия, Испания, Нигерия, Коста-Рика, Польша, Египет, Исландия, Сербия, Франция, Португалия, Панама, Уругвай, Колумбия, Аргентина және Сенегал құрамаларынан кейін жолдама алған 25-команда, Мароккомен бір уақытта Ливиямен тең түсіп, жалпы 14 ұпаймен А тобында бірінші орынды иеленген Тунис құрамасы 26-команда болды.