Владимир Вайсс Грузия құрамасымен келісімшартын ұзартты

Владимир Вайсс Грузия құрамасымен келісімшартын ұзартты

Футболдан Грузияның бас бапкері Владимир Вайсс құрама сапында тағы екі жылға қала бермек. Бұл туралы бапкердің өзі Грузия және Кипр құрамалары арасындағы жолдастық кездесу алдындағы баспасөз жиналысы кезінде айтты.

Вайсс Грузия футбол федерациясы мен өзінің арасында жаңа келісімшарттың қалай жасалғанын тарқатып айтпады. Осылайша Вайсс енді Грузия құрамасын алдағы Еуропа біріншілі мен Ұлттар лигасы турнирінде бастайтын болады.

53 жастағы словак маманы Грузия құрамасының тізгінін 2016 жылдың қаңтар айында ұстаған еді. Оның келісімшарты 2018 жылғы әлем біріншілігінің іріктеу кезеңінің соңына дейін жасалған еді. Федерация Вайсстың алдына іріктеу кезеңінде үшінші орын алу деген тапсырма қойған болатын. Бірақ іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша бес ұпай жинап, Молдовия құрамасынан озып, бесінші орынға жайғасты. Іріктеу кезеңінде Грузия құрамасы бірде-бір жеңіске жеткен жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или