Күзетшілер Дель Пьероны Мессимен кездесуге кіргізбей қойған
«Ювентустың» аңыз ойыншысы Алессандро Дель Пьеро Мәскеудегі қанақүйлердің бірінде келеңсіз жағдайға тап болды.
Дель Пьеро Месси бастаған аргентиналық ойыншылар жатқан қонақүйге келген көрінеді. Алайда қонақүй күзетшілері атақты италияндықты танымай, кіргізуден бас тартқан. Белгілі болғандай қонақүйдің күзетшілері ағылшынша білмегендіктен Дель Пьеромен түсінісе алмаған. Тіпті журналистердің Дель Пьеро мен Мессидің бір-бірімен таныс деген сөзіне де құлақ аспаған.
Абырой болғанда орын алған айқай-шуда Аргентина құрамасының бапкерлерінің бірі естіп қалып көмекке келген.
Кейін Дель Пьеро өзінің Инстаграм парақшасында аргентиналық шабуылшылармен біргі түскен суретін жариялады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или