Маркович «Қайраттан» кетті

Маркович «Қайраттан» кетті

«Қайраттың» сербиялық қорғаушысы Жарко Маркович алматылық клубтан кетті. 

Prosports.kz сайтына белгілі болғандай, «халық командасы» 30 жастағы футболшымен келісімшартты ұзартпады. Яғни, Маркович еркін агент боп қалды.

Айта кетейік, Жарко «Қайратқа» 2014-ші жылы румыниялық «Газ Метаннан» ауысқан болатын. Алматылық клуб сапында Маркович үш рет Қазақстан кубогын жеңді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или