Ресей футбол одағы өкілі ҚФФ-да қонақта болды
9 қараша күні, Қазақстан футбол федерациясының кеңсесінде Ресей футбол одағының өкілдері – РФО президентінің құқықтық сұрақтар бойынша кеңесшісі Денис Рогачев, РФО лицензиялау департаментінің директоры Евгений Летин және РФО лицензиялау департаментінің қаржы критерийі бойынша сарапшысы Максим Лукашевич қонақ болды.
Ресейден келген қонақтар ҚФФ Бірінші вице-президенті-Бас хатшы Қаныш Әубәкіровпен және Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының (ҚКФЛ) президенті Азамат Айтқожинмен кездесті.
РФО өкілдері ҚФФ құрылымдық департаменттерінің басшылары мен қызметкерлерімен бірігіп дөңгелек үстел өткізді.
Кездесу аясында РФО өкілдері Астанада салынып жатқан Футбол үйінің құрылысымен, Талғарда орналасқан Қазақстан құрама командаларының базасындағы қайта жөндеу жұмыстарымен танысты .
Бүгін, 10 қараша күні, РФО өкілдері ҚФФ мен УЕФА өткізіп жатқан жарыстарда футбол клубтарын сертификаттау бойынша семинарға қатысады.