Месси мен Зидан ӘЧ-ның добын таныстырды
Мәскеуде жазда басталатын футболдан Әлем чемпионатының добының таныстыру рәсімі өтті. Доп «Telstar 18» атауын алды.
Бұл атау бұрындары өткен, дәлірек айтқанда 1970-жылы Мексикада, 1974-жылы ГФР-да өткен Әлем чемпионатындағы доптардың атауымен байланыстырылып қойылған. Ол кездегі доптардың атауы сәйкесінше «Telstar» және «Telstar Durlast» болған еді.
Допты таныстыру рәсіміне «Барселона» мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси мен «Реал» бапкері Зинедин Зидан қатысты.
«Кеш жарық, маған доп ұнады, оның түсі де керемет. Мен бұл допты байқап көрдім. Өте жақсы доп», - деді таныстыру рәсімінде Месси.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или