Лионель Месси: Испания өте күрделі қарсылас

Лионель Месси: Испания өте күрделі қарсылас

Футболдан Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси алдағы әлем чемпионатында топ жарып шығар командалар жайлы өз пікірін білдірді. 

Оның айтуынша, Бразилия, Германия, Испания және Франция командаларының футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жетуге мүмкіндіктері мол, деп жазады TyC Sports.

«Испания өте күрделі қарсылас. Ал әлем чемпионатында жеңіске жетуге мүмкіндіктері бар командаларға келер болсақ, бұлар - Испания, Бразилия, Германия және Франция құрамалары. Кілең мықтылар. Біз, бәріміз әлем чемпионатын ұтқымыз келеді», - деді Месси. Еске сала кетсек, футболдан кезекті әлем чемпионаты 2018 жылғы 14 маусым - 15 шілде аралығында 11 қалада: Мәскеу, Калининград, Санкт-Петербург, Волгоград, Қазан, Нижнем Новгород, Самара, Саранск, Дондағы Ростов, Сочи және Екатеринбургте өтеді.   

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или