Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасының оқу жаттығу жиыны аяқталды
Алматыда шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасының оқу жаттығу жиыны аяқталды.
Арнайы жиынға спортшылардың біліктілігін арттыру үшін Ресейлік гроссмейстер Юрий Якович шақырылған болатын. «Ерлер арасындағы халықаралық шебер Динара Садуақасова, халықаралық гроссмейстерлер Гүлісхан Нақбаева мен Мәдина Дәулетбаева, әйелдер арасындағы халықаралық шебер Гүлмира Даулетова және жас спортшылар Әсел Серікбай мен Назерке Нұрғали халықаралық маманның үйреткен ақыл кеңесін тыңдады.
Қазақстан шахмет Федерациясының атқарушы директоры Ирина Грищенконың айтуынша, Юрий Яковичтің тәлімгерлігінің арқасында Қазақстан әйелдер құрамасы бұрын соңды болмаған жетістікке қол жеткізіп, 2014 жылы Норвегияда өткен шахмат олимпиадасында 6-орынға табан тіреді.
Айта кетейік, Юрий Якович 2000-2006 жылдары Ресей әйелдер құрамасының жаттықтырушысы болған еді. Ол жастар арасындағы 2 дүркін әлем чемпионы, 3 дүркін Еуропа чемпионы гроссмейстер Санан Сюгировке, жастар арасындағы 3 дүркін Еуропа чемпионы, гроссмейстер Иван Букавшинге тәлім берген.