Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Түркияға жол берді
19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 2018 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінің алғашқы ойынында Түркия құрамасымен кездесіп, 0:3 есебімен жеңілді. Бұл туралы ҚФФ ресми сайты жазды.
Біздің топтағы екінші ойында Словакия Уэльстен 2:1 есебімен басым түсті.
Келесі кезеңге жарыс ережесіне сәйкес әр топтан екі үздік команда шығады.
Түркия U19 – Қазақстан U19 3:0 (2:0)
Голдар: Уфукджан Энгин 29, Догукан Синик 43, Гювен Ялчын 90+3
Ескерту: Мерт Мюлдюр 43 – Сүйінов 13, Қашкен 15, Сейдахмет 88
Алаңнан қуылған ойыншы: Сүйінов 48
Түркия U19: Мехмет Дадакдениз, Мерт Мюлдюр, Реджеп Емишджи (Фуркан Коркут, 46), Гюней, Абдулкадир Эмюр, Огуз Гючтекин, Гювен Ялчын, Октай, Беришбек, Уфукджан Энгин (Текин,72), Догукан Синик (Есер, 81).
Резерв: Эрен Билен, Бурак Кападжак, Рамазан Кескин, Керем Кесгин, Тюркоз, Каракаш.
Қазақстан U19: Даниил Устименко, Айбар Нұрдалиев (Талғат Кусяпов, 54), Дарын Сүйінов, Айдос Орал, Сұлтанбек Астанов (Сұлтан Сағынаев, 62), Еркебұлан Сейдахмет, Гаврил Кан (Жан-Әлі Пайруз, 46), Ерасыл Аманжол, Дінмұхаммед Қашкен, Сағадат Тұрсынбай, Мәди Жақыпбаев.
Резерв: Мұхаммеджан Сейсен, Санжар Батырханов, Сағи Совет, Нұралы Әліп, Мұхит Жақсылық, Лев Скворцов.