Гоу әлсіз лигаларда ойнайтын африкалық футболшылар рейтингісіне енді

Гоу әлсіз лигаларда ойнайтын африкалық футболшылар рейтингісіне енді

Jeune Afrique сайты Еуропадағы әлсіз чемпионаттарда ойнап жатқан африкалық футболшылардың рейтингісін жасады.

Қазақстан Премьер-лигасынан бұл тізімге «Қайрат» шабуылшысы Жерар Гоу енді. Ол бұл рейтингіде көш бастап тұр. Ал екінші орында «Қайраттың» бұрынғы ойыншысы Леандре Тавамба келеді.

Африкалық сайт Гоудың басқа лигаларға неге ауыспай жүргенін топшылады.

«Бір жыл бұрын Гоуды Франция чемпионатында ойнайтын «Тулуза» бақылаған еді. «Пілдер» (Кот-д’Ивуар құрамасының лақап аты) сапында ойнауды армандайтын Гоу Қазақстанда жылына бонустарды қоспағанда 2 миллион еуро жалақы алады», - деп жазды портал.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или