Месси: Өтірік, құрамаға ойыншыларды шақыратын мен емес

Месси: Өтірік, құрамаға ойыншыларды шақыратын мен емес

«Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси соңғы кезде Аргентина құрамасы жайында болып жүрген желсөзді жоққа шығарды.

Айта кетейік, бас бапкер  Хорхе Сампаолиге ұлттық құрамаға кімді шақыру керегін Месси айтады деген ақпараттар шыға бастаған еді.

«Бұл өтірік. Құраманы мен басқармаймын және ойыншыларды құрамға қоятын мен емес. Кімді алу, кімді алмау керегін мен ешқашан айтқан жоқпын», - деді Месси.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или