Тимур Құлыбаев Халықаралық Олимпиада комитетінің отырысына қатысты

Тимур Құлыбаев Халықаралық Олимпиада комитетінің отырысына қатысты

Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев Халықаралық Олимпиада комитетінің(ХОК) қоғаммен байланыс және әлеуметтік даму жөніндегі Лозаннадағы (Швейцария) комиссияның отырысына қатысты.

Аталған комиссия ХОК атқарушы комитеті мен президентіне Олимпиада комитетінің сессияларын өткізу, әлемдегі Спорт пен Олимпизмнің рөлін насихаттау стратегиясы бойынша кеңес береді. Комиссия қызметі Олимпиадалық қозғалыстың барлық маңызды мәселелерін, оның ішінде этика, спортшылармен жұмыс, босқындардың олимпиадалық құрамын құру және үйлестіруді қамтиды. Сонымен қатар, комиссия допингке қарсы саясат мәселелеріне, сондай-ақ Олимпиадалық арнаға баса назар аударады.

Күн тәртібінде комиссияның жыл сайынғы есебі сондай ақ оны ары қарай дамыту жолдары қарастырылды. <br />Қоғамдық қатынастар және әлеуметтік даму жөніндегі Комиссиясы арқылы спортпен айналысатын <br /> ХОК құрамына 36 мүшесі енеді. Оның ішінде әртүрлі елдердегі танымал және құрметті спорт қайраткерлері бар. Естеріңізге салсақ, Қазақстанның ҰОК аталған комиссияға осы жылдың сәуірінде енген болатын. <br />Бұл айтулы оқиғамен ХОК-тың президенті Томас Бах және комиссия төрағасы Марио Песканте арнайы хат жіберіп құттықтады. <br />Хатта: « Сіздің бұл саладағы мол тәжірибеңіз бен жоғары біліміңіз, сіздің біздің комиссияға мүше болуыңыз ортақ мүддеміз үшін керемет басымдылық болары сөссіз», - делінген

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или