Алматы қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы «Үздік спорттық өңір» номинациясына үміткер

Алматы қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы «Үздік спорттық өңір» номинациясына үміткер

Қазақстанда «Жылдың Ұлттық спорттық жүлдесі» байқауы өтуде. Алматы қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы «Үздік спорттық өңір» номинациясының үміткері, деп хабарлайды Ақпараттық және спорттық хаб.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада Комитеті «Хабар» агенттігімен бірлескен байқау 2017 жылдың 28 қарашасына дейін жалғасады. Дауыс беру http://www.olympic.kz ресми сайтында барлық қалаушылар арасында келесі номинациялар бойынша өтуде: «Жазғы спорт түрлерінен үздік спортшы», «Қысқы спорт түрлерінен үздік спортшы», «Үздік жас спортшы», «Жазғы спорт түрлерінен үздік бапкер», «Қысқы спорт түрлерінен үздік бапкер», «Олимпиадалық спорт түрлерінен үздік спорттық федерация», «Үздік спорттық өңір» (республикалық деңгейдегі қала, облыс Дене шынықтыру және спорт басқармалары), «Жыл жаңалығы», «Үздік жыл командасы».

«Үздік спорттық өңір» үміткерлер қатарындағы (республикалық деңгейдегі қала, облыс Дене шынықтыру және спорт басқармалары) Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасында 2016 жылдың тамыз айынан Дөңбаев Әбіл Бекетұлы басшылық етеді.

Алматы әкімдігі спорт басқармасымен бірлесе отырып жылдың басынан Алматыда 2,5    мың спорттық шара өткізіліп, 400 мың адам қамтылған. Атап өтсек, осы жылды біз әлемнің 57 елінен 2,5 мыңнан астам делегаттың қатысуымен 28-ші қысқы Универсиада ойындарымен бастадық. Ел тарихындағы ең ауқымды спорттық дода болған Универсиаданың өтуіне жалпы жұртшылық, спортшылар мен харықаралық сарапшылар оң бағасын берді. Сонымен қатар, «Алматы туры», «Әлем Барысы», Шымбұлақта өткен «Тау және спорт фестивалі», «Ұлы дала ойындары», футзалдан Еуропа чемпионатына іріктеу және УЕФА кубогының төрттік финалы және т.б. өткізілді. Орталық Азияда ең ауқымды бұқаралық спорттық шаралардың бірі де бірегейі 20 мың адамның қатысуымен өткен «Алматы марафоны» болып табылады. 

Өткен жылы бұқаралық спортты дамыту және насихаттау мақсатында «Спорттық Алматы» жобасы іске қосылған. Осы жылдың басынан аталмыш бағдарлама аясында бұқаралық және спорттық  мың шара ұйымдастырылып, жалпы, оларға  жүз отыз бес мың қала тұрғыны қатысқан. Жылдан жылға спортпен шұғылданушылар саны өсіп келеді. Мәселен, 2014 жылы олардың саны 26,5%-ды құраса, 2016 жылы 29%-ды, яғни, жарты миллионнан көп адамды қамтыды. Осы жылы іске қосылған "Спорт менің ауламда" жобасы аясында қазіргі таңда, 600 ауладан 75-і таңдап алынып, жұмыс істеуде және 6 аудан бойынша 6000 бала  спортпен айналысады. Тәжірибиелі бапкерлер аптасына 6 күн, 2 мезгіл, жалпы, күніне 2 сағат жұмыс істейді. Ал демалыс күндері, аула командалары арасында спорттық  шаралар өтеді.

Жалпы, Алматыда 1450 спорттық нысаны халыққа қызмет етеді. «Туған жер» бағдарламасының аясында, Алатау ауданында ашық жеңіл атлетика жаттығу стадионы ашылды, сондай-ақ, «Мамыр» теннис орталығы, Орталық стадионның қосалқы алаңын жөндеу    жұмыстары жүргізілуде. Келесі жылы, Медеу ауданында 5 мың орынға арналған жеңіл атлетикалық манеждің құрылысы жоспарланған.

Сонымен қатар, Елбасы тапсырмасымен, Универсиада аясында «Халық Арена»  және «Алматы Арена», атлетилық  ауылы сияқты берегей ғимараттар бой көтерді. Жыл басында өткен дүбірлі дода – Универсиада үшін салынған нысандар да бүгінде жұртшылық үшін қызмет етуде. Олар ірі мәдени және спорттық шаралардың, сонымен қатар, хоккей, коньки тебу және т.б. қысқы спорт түрлерінің ортағына айналуда. Оқушылар мен студенттерге 50% жеңілдіктер қарастырылған. Өткен маусымда Медеу мен Шымбұлақты800 мыңға жуық демалушы келген. Яғни, күніне 10 мыңға жуық адам тауға шығып, шаңғы тепкен. Өткен жылы 290, ал осы жылы 470 балалар, шағын футбол  алаңдары құрылған.

Тәжірибиеге сүйенетін болсақ, ұлттық спорт түрлерінің басым бөлігі ауылдық жерлерде қарқынды дамыған (ат спорт түрлері, жекпе-жек және т. б.). Айта кетсек, Алматылық ипподромда ұлттық спорт түрлері қазақ күресі, тоғызқұмалак, асық ату және т.б 121 шара өткізілген.  2016 жылы күнделікті осы спорт түрлерімен айналысушылар саны 15%-ға, 2,6 мың адамға дейін өсті. Сонымен қатар, дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын мүмкіндіктері шектеулі жандарға ерекше көңіл бөлінеді, олардың 2,5 мыңнан астам адамды құрайды. Осы бағытта 18%-ға қаржыландыру өсті.

Жалпы, Алматыда117 спорт түрі дамып келеді. Олардың: 38 – жазғы Олимпиада спорт түрлері, 12 – қысқы Олимпиада спорт түрлері және 67 – Олимпидалық емес спорт түрлері.

Сонымен қатар, Алматы құрамасының республикалық кешенді шараларда көрсеткен нәтижелерін атап өткім келеді: осы жылы Алматы командасы IV Жастар ойындарында бірінші орынды иеленсе, сондай-ақ, 2016 жылы мектеп және колледж оқушылары арасында өткен Спартакиадада жалпыкомандалық есепте жеңіс тұғырынан көрінді. 

Үздік басқармаға келесі сілтеме арқылы дауыс бере аласыздар: http://www.olympic.kz/ru/award/7-luchshiy-sportivnyy-region-upravlenie-fizicheskoy-kultury-i-sporta-oblastey-gorod

Айта кетер жайт, осы айдың ортасында жүлденің әрбір номинациясында ұсынылған үміткерлер туралы, олардың 2017 жылғы жетістіктері туралы толық мәлімет беретін арнайы күнделіктер «Хабар» арнасында эфирге шықпады. Жылдың спорттық жүлдесінің қорытындысы салтанатты түрде қарашаның  30-ы  күні өтеді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или