Погба Пирлоға: Рахмет, маэстро
«Манчестер Юнайтед» клубының жартылай қорғаушысы Поль Погба өзінің Инстаграм парақшасында 2012-2015 жылдары «Ювентуста» бірге ойнаған Андреа Пирлоға алғыс айтты.
Естеріңізге салсақ, 38 жасар Пирло спорттық мансабын аяқтайтындығы хабарлаған болатын.
- Мен сенен адам ретінде де, футболшы ретінде де көп нәрсе үйрендім. Рахмет, маэстро Пирло, - деп жазды Погба.
Айта кетсек, Пирло мен Погба туриндік команда қатарында үш рет Италия чемпионатында, бір рет Италия Кубогында және екі рет Италия Суперкубогында топ жарған болатын.
Андреа Пирло спорттық мансабының басым көпшілігін «Милан» командасында өткізді. Сондай-ақ «Ювентус», «Интер», «Брешия», «Реджина» клубтарында ойнаған. Ал оның соңғы клубы «Нью-Йорк Сити» клубы.
Пирло Италия құрамасымен бірге 2006-жылы Германияда өткен Әлем чемпионатында топ жарды. 2012-жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері.