Аничич «Астана» сапындағы 150-ойынын өткізді 

Аничич «Астана» сапындағы 150-ойынын өткізді 

Премьер-лиганың соңғы 33-турында «Астана» командасы оралдың «Ақжайық» клубын жеңіп, төртінші рет ел чемпионы атанған болатын. 

Аталған матчта елорда ұжымының қорғаушысы Марин Аничич мерейтойлы кездесуін өткізді. Яғни, ол еліміздің төрт дүркін чемпионының сапында 150-ші рет алаңға шыққан еді. Марин «Астана» командасына 2014 жылғы маусым аралық үзілісте қосылып, бүгінге дейін премьер-лигада 107 матч, Қазақстан кубогында 7 және Суперкубогта 3 кездесу өткізген. 

Сондай-ақ, Еурокубок додаларына 33 рет қатысқан. 150 ойында босниялық қорғаушы 7 гол салып, 4 нәтижелі пас асырған. Аничич бұл көрсеткішімен Марат Шахметовты қуып жетіп, екеуі 6-7 орындарды бөлісіп тұр

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или