Андрей Аршавин «Қайратта» қалады
«Қайраттың» ардагер ойыншысы Андрей Аршавин алматылық командада өнер көрсетуін жалғастырады.
Ресейлік футболшы «Қайратқа» 2016 жылдың наурыз айында «Кубань» клубынан ауысып келген болатын. Алматылық ұжыммен 1+1 үлгісі бойынша келісімшартқа отырды.
Футболшыға жақын адамның айтуынша, Андрей Аршавин жақын арада жаңа келісімшартқа отырады. Клуб пен футболшы алдын ала келісімге келген.
Айта кетейік, 36 жастағы футболшы «Қайрат» сапында өнер көрсеткен екі жылдың ішінде 50 ойын өткізіп, 19 мәрте көзге түскен. Алматылық клубпен Қазақстан Кубогын жеңіп, екі мәрте ел біріншілігінің күміс жүлдегері атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или