Аслан Дарабаев: Ең бастысы Еуропа Лигасына өтіп, тапсырманы орындадық

Аслан Дарабаев: Ең бастысы Еуропа Лигасына өтіп, тапсырманы орындадық

Павлодарлық «Ертістің» жартылай қорғаушысы Аслан Дарабев Премьер-Лиганың 33-інші турында қарағандылық «Шахтерге» қарсы өткен матч жайлы пікірін айтты. Бұл кездесуде алаң иелері 1:0 есебімен жеңді. 

<span>- Ең бастысы келесі жылғы Еуропа Лигасының іріктеу кезеңіне өтіп, тапсырманы орындадық. Жеңіске деген құштарлық пен жігерді, мінезді екенімізді көрсете алдық. Ойынға келетін болсақ, бірінші таймда желге қарсы, екінші таймда желдің бағытымен ойнадық. Ол да өзіндік септігін тигізді. </span>

<span>Ең соңғы матч болғандықтан, психологиялық тұрғыда өте ауыр тиді. Шешуші ойында бар күшімізді салу керек болдық. Мұндай қиын сәтте қысымға да, басқасына да қарамай жігіттер бәрін орындап шықты. Ең бастысы Еуропа Лигасына өтіп, тапсырманы орындадық. </span>

<span>Жанкүйерлердің қолдауы өте керемет. Дәл осылай боларын күтпеген едік. Шын жүректен алғысымды білдіремін.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или