РЕСМИ: Андреа Пирло мансабын аяқтады

РЕСМИ: Андреа Пирло мансабын аяқтады

Италия құрамасының бұрынғы ойыншысы, осы уақытқа дейін «Нью-Йорк Сити» командасында өнер көрсеткен, даңқты футболшы Андреа Пирло мансабын аяқтағаны жөнінде ресми мәлімдеді.

«Нью-Йорктегі менің саяхатым ғана емес, футболшы ретіндегі мансабымда аяқталды. Отбасыма және балаларыма маған берген қолдаулары мен махаббаттары үшін алғысымды айтамын. Жейдесін киіп алаңға шыққан әрбір командама, жасыл алаңда бірге доп тепкен әрбір әріптесіме, мансабымды керемет еткен әрбір азаматқа рахметімді айтқым келеді.

Әлемдегі барлық жанкүйерлерге рахмет. Әрқашан маған қолдау көрсеткендеріңіз үшін мәңгі жүрегімде қаласыздар», — деп жазды Пирло Твиттердегі парақшасында

Айта кетейік, Пирло Италия құрамасымен 2006 жылғы Әлем біріншілігінде топ жарған. «Милан», «Ювентус» және «Интернационале» секілді белді ұжымдарда доп тепкен. Соңғы командасы «Нью-Йорк Сити» болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или